Еркектің қолынан қаншама әйел қорлық көріп жатыр - Ерке Есмахан

13 Қараша 2023, 14:32 1095

Танымал әнші Ерке Есмахан отбасында әйелдеріне қол көтеретін ер адамдар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дым демеймін. Әлемде, біздің Қазақстанда кейбір жанұяларда қандай жауыздық болып жатқанын көріп, біліп отырсыздар. Еркектің қолынан қаншама әйел, бала қорлық көріп жатыр. Бақытты болу немесе шаңырақтың шайқалуы ештеңеге қарамайтынын қалай әлі түсінбейсіздер. Қаншама ес жиған, орта жасқа келген еркектер әйелдерінің өмірін бұзып, үзіп жатыр. Ер адамның әйелін аялауы, сүюі, бағалауы, аманатын қорғауы жүрегіндегі иманы мен тәрбиесіне байланысты ғой. Ал сіздер әлі сол айналып келіп, жасты ойлайсыздар. Ақыл жаста емес, баста! - деп жазған ол.

 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: