«Қайрат» футбол клубыны ойыншысы Еркебұлан Сейдахмет сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еркебұлан мұндай қадамды «Қайрат» – «Астана» матчы басталар алдында стадионда жасаған. Футболшының сүйіктісі келісімін берді.
Матч алматылықтардың пайдасына шешілді. Матч тағдырын шешкен жалғыз голды Маки Баньяк өз атына жазды. Ол Лев Кургиннің бұрыштамадан көтерген тамаша пасын тиімді пайдаланып, Қазақстан чемпионатындағы алғашқы голын соқты.