Ерке мен Раимның қатысуымен Павлодарда өткен концертте 16 бала жоғалып кетті

21 Мамыр 2023, 16:57 833

Павлодарда отандық жұлдыздардың қатысуымен үлкен концерт өтіп, біраз ата-ана балаларын таба алмай қалды, деп хабарлайды  Еl.kz ақпарат агенттігі.

Павлодардың орталық жағалауында қоғамдық тәртіпті полиция қызметкерлері жіті қадағалады. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, концерт кезінде 16 бала жоғалып кеткені белгілі болды.

"Балалардың ата-аналары анықталып, өздеріне табысталды", - деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер. 

Бұдан бөлек, жағалауда түнгі сағат 23:00-ден кейін балалардың заңды өкілінсіз жүргені үшін ата-аналарына 11 әкімшілік хаттама толтырылған.

Павлодардағы Ertis Promenade сахнасындағы маусымның ашылуына 40 мыңға жуық адам жиналды. Концертте отандық эстрада жұлдыздары Ерке Есмахан мен оның күйеуі Раим да халық алдында өнер көрсетті.

Асқар Таудай
Бөлісу: