Ерке Есмаханның жаңа суреті қызу талқыға түсті

27 Тамыз 2023, 00:05 12425

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде күйеуі Раиммен түскен суретін жариялап, оқырманның ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Кадрда әнші мен оның жары құрсақтағы баланы құшақтап тұрғанын көруге болады. Суреттің астында жанкүйерлеріне алғысын жеткізген.

Райымбекұлы немесе Райымбекқызы деп сүйінші сұрайтын күнге Алла аман-есен жеткізсін.

Барлық құттықтау, тілектеріңізге рахмет! – деп жазды Ерке.

Жұлдызды жұп сүйінші жаңалықты бейнебаян арқылы жеткізген болатын. 

Берік Арманов
Бөлісу: