Ерке Есмаханның күйеуі Raim да декреттік демалыста ма

8 Желтоқсан 2023, 13:26 1255

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан жолдасы Raim-ның  босанатын уақыты жақындағаннан бастап демалыста екенін айтты,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол өзінің Instagram парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, өнер жолына қашан оралатынын да жеткізді.

Алла бұйыртса жоспар көп, бәрі болады. Көптен бері армандаған жеке концертімді де келер жылы жасайтын шығармын, деп жазды әнші.

Сонымен қатар, күйеуі Raim желтоқсанның ортасында концерттеріне қайтып оралатынын мәлімдеді.

Ұлының қасынан шықпайды. Кеше көлігін жууға кетіп, жарты жолдан айналып қайтып келді. «Баламды сағындым» дейді. Енді қалай жұмыс істейді екен, дейді Ерке Есмахан.

Айта кетейік, жұлдызды жұп жақынды ұлды болған еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: