"Ергежейлі" елдер

28 Ақпан 2014, 04:40

1929 жылдың 7 маусымындағы Латеран келісімінің нәтижесінде дүниеге ең кішкентай Ватикан мемлекеті келді. Жалпы, әлемде мұндай елдер одан бұрын да болған...

1929 жылдың 7 маусымындағы Латеран келісімінің нәтижесінде дүниеге ең кішкентай Ватикан мемлекеті келді. Жалпы, әлемде мұндай елдер одан бұрын да болған... Сонымен, ғаламның "ергежейлі" елдері туралы:

 Мальдивы

Мальдив Республикасы Үнді мұхитында орналасқан жер көлемі жөнінен Азиядағы ең кішкентай мемлекет. 298 шаршы шақырымды құрайтын арал аумағанда 400 мыңға таяу халық тұрады. Ел халқының үштен екісі Мальдив астанасы – Малда тұрады. Елдің басты табыс көзі туризм.

Сейшель Аралдары

Сейшель Аралдарының аумағы 455 шаршы шақырымды құрайды. Халық саны 84 мың адам. Үнді мұхитындағы 115 аралдан құралған мемлекет 1976 жылы тәуелсіздік алды. Сейшельдің де негізгі табыс көзі туризм саласы.

 Лихтенштейн

Бұл ел теңізге шыға алмайды. Швейцария, Аустрия секілді аса бай елдермен шекаралас 160, 4 шаршы шақырым аумақта тұратын халықтан гөрі мұнда компаниялар көбірек тіркелген.

Науру

Науру Тынық мұхитындағы 21, 3 шаршы шақырым аумақта орналасқан мемлекет. 1968 жылы тәуелсіздігін жариялаған, алайда, аралдың негізгі тұрғындары 3 мың жыл бойы осында өмір сүреді. Науру халқы юбүгінде 9 мың адамды құрады. Бұл елде қарулы күштер деген атымен жоқ.

Ватикан

Ватикан — Римнің орталық көшелерінің біріндегі 44 гектар жерді алып жатқан қала-мемлекет. 1929 жылы құрылған мемлекетті Рим Папасы басқарады. Ватикан аумағында Папа резиденциясы, Әулие Петр соборы, Апостоль сарайы, Сикстин капелласы секілді жылына милиондаған туристер тартатын, әлемдегі ең әдемі ғимараттар орналасқан. Жалпы, ел тұрғандары 800 адам ғана. Алайда, ел аумағына күніне мыңдаған италиялықтар жұмыс жасау үшін ғана кіріп шығады.

Монако

Монаконың жер көлемі Ватиканнан үлкенірек, 2,02 шаршы шақырым. Онда да теңіздің құрғауы салдарынан үлкейген. Монако монархиялық мемлекет, мұнда халық өте тығыз орналасқан. Негізгі кіріс туризмнен түседі.

Сент-Китс және Невис федерациясы

Бұл ел Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлықтарының арасында орналасқан екі аралдан құралған. 261 шаршы шақырым аумақта тұратын халықтың негізгі күнкөріс көзі туризм. Сондай-ақ, мұнда ауылшаруашылығы мен оффшорлық банктер ісі де мықты дамыған.

Маршалл Аралдары

Тынық мұхитта жатқан 181 шаршы шақырым аралда орналасқан мемлекет. 1986 жылы АҚШ тан тәуелсіздігін алды. 62 мың халық әлі күнге Американың көмегімен өмір сүреді. Елде табиғи байлық жоқ, импорт көлемі экспортты әлденеше орап алады.

Сан-Марино

Сан-Мариноның аумағы 61 шаршы шақырым және Еуропалық кеңеске мүше елдердің арасындағы ең халқы аз ел. Сан-Марино әлемдегі ең ежелгі мемлекет, ол 301 жылдың 3 қыркүйегінде құрылған. Сонымен қатар, ел әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі, мұнда кіріс шығыннан бірнеше есеге көп.

Тувалу

Тувалу – Тынық мұхиттағы 26 шаршы шақырым аумақта орналасқан ел. Бір кездері ел Британ королдігіне қараған, аты да Эллис Аралдары деп аталған.  1978 жылы ағылшындардан тәуелсіздігін алған. 10.5 мың халық өздерінде ештеңе болмауы себепті шет елдердің көмегімен ғана өмір сүреді.

 EL-Ақпарат

Бөлісу: