Еревандағы әлем чемпионатының финалында төрт боксшымыз финалға шықты

2 Желтоқсан 2023, 23:48 1067

Арменияның Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жартылай финалдық айқасы өтті. Елімізден барған боксшылардан төрт  спортшы финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Қыздар арасындағы  жекпе-жекте  54 келіде Аяжан Сыдық  Польша боксшысы  Зузанна Голебевсканы жеңді. Енді әлем біріншілігінің алтын медалі үшін  үндістандық Амиша Керкеттаға қарсы айқасады. 60 келі салмақта Толғанай Қасымхан  ресейлік Кира Леновамен жекпе-жекке түседі. 66 келі салмақта Айсұлу Мұхит румын Амалия Тогумен жұдырықтасады.

Ерлер арасындағы сында Нұрасыл Төлебек қана финалға өтті. 54 келі салмақта Нұрасыл  Үндістан боксшысы Джатинге қарсы айқасады.  

Берік Арманов
Бөлісу: