Еревандағы әлем чемпионатының екінші күнінде самбошылар тағы үш медаль иеленді

12 Қараша 2023, 10:35 706

Арменияда самбо спортынан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары үш медальға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ереванда ел намысын қорғаған Еламан Қойшыбаев 88 кг салмақта финалға шыққан болатын. Отандасымыз жартылай финалда ӘЧ-ның қола жүлдегері, парсы балуаны Сейед Саедиманадиден 5:1 есебімен басым түсті. Өкінішке қарай, ол чемпиондық сында қырғыз балуаны Жамалбек Асылбек уулуынан ұтылып қалды.  

Бұдан бөлек, Арнұр Қуатай (71 кг) мен Шынар Абатова (72 кг) қола жүлдегер атанды. Әзірге Қазақстан самбошылары чемпионат кестесінде 2 күміс, 3 қола жүлдемен жалпы есепте 8-орында тұрақтады. Бүгін әлем чемпионатының соңғы күнінде 7 салмақ дәрежесі бойынша балуандар белдесуі өтетін болады. 

Перизат Саденова
Бөлісу: