Ерекше қажеттілігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру қалай жүріп жатыр?

17 Сәуір 2023, 13:37 1080

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ордабаев Олжас Темірбекұлы елдегі ерекше қажеттілігі бар адамдарды жұмыспен қамту бойынша жүзеге асып жатқан шараларға тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерекше қажеттілігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша шаралар жүзеге асырылып жатыр. Біріншіден, жұмыс орындарын квоталау арқылы. Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының санынан 2-ден 4%-ға дейін мөлшерінде квота белгіленді. 12,2 мың адам квота бойынша жұмысқа орналастырылды. Екіншіден, мүгедектігі бар тұлғалар үшін арнайы жұмыс орындарын құрылуда. 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірбие негізінде жүзеге асып жатыр, - деді Олжас Ордабаев.

Вице-министрдің айтуынша, биылдан бастап жұмыс берушілердің шығындары өтеледі. Оған қоса, мемлекет тарапынан 3 жылға дейін субсидияланатынын айтты. Бірінші жылы жалақының 70 %-і мемлекеттен, екінші жылы 65 % мемлекеттен, үшінші жылы 60%-і мемлекетен болады.

Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасымен бірге біліктілікті арттыру , кәсіпкерлікпен айналысу және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру шаралары жүзеге асып жатыр. Бүгінгі күні ұлттық жоба шеңберінде 13 мыңнан аса мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылды, - деді вице-министр.

Атап айтқанда, қысқа мерзімді курстар, онлайн курстар. Биыл грант беру мерзімі қайта қаралды. Оның ішінде, халықтың осал топтарына, мүгедектігі бар адамдар үшін басымдық берілді. Өтініш enbek.kz сайтында қабылданады. Осы гранттар ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға қолжетімді.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: