Ердоған Украинадағы соғысты тоқтатудың жолын тапты – Bloomberg

18 Қараша, 12:32 1028

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Рио-де-Жанейрода өтетін G20 елдері көшбасшыларының Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатудың жоспарын ұсынбақ. Бұл туралы Bloomberg-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол 20-лық басшыларының дүйсенбі күні Рио-де-Жанейрода өтетін кездесуінде бүгінгі шиеленісті шешудің жолдарын ұсынбақ, - делінген мәліметте.

Bloomberg мәліметінше, Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскийге НАТО құрамына кіру бастамасын кемінде 10 жылға кейінге шегеруді ұсынбақ.

Сонымен қатар түрік тарапы Донбасста демилитаризацияланған аймақ құруды ұсынды. Ердоған ол жерде қосымша кепілдік ретінде халықаралық әскер орналастыру керек деп санайды.

Түркия билігі Украинаның мұндай ұсынысқа келісуі қиын екенін түсінеді, бірақ дәл осы жол қазіргі дағдарыстан шығуға көмектеседі деп сенеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: