Ердоған: Түркия Израильмен сауда-саттықты тоқтатты

4 Мамыр, 09:39 801

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Газа секторындағы ахуалға байланысты елдің Израильмен сауда-саттықты уақытша тоқтатанынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ердоған көлемі 9,5 миллиард долларды құрайтын тауар айналымын тоқтатуға Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Газадағы әскери операциясы себеп екенін айтты.

Өкінішке қарай, Нетаньяху балаларға да, әйелдерге де, қарт кісілерге де асқан жауыздық танытуда. Олар ештеңе істей алмайды. Батыс елдері мен АҚШ Израильді қолдап, солармен жұмыс істеп отыр. Мұның бәрін көріп отырып әрі қарай төзе алмаймыз, сондықтан шара қабылдадық, — деді Түркия президенті.

Ол мұндай мәлімдемені Ыстамбұлда тілшілер алдында жасады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: