Ердоған оппозиция жетекшісін сотқа берді

8 Сәуір, 16:05 409

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Республикалық халық партиясының (CHP) төрағасы Өзгюр Өзелге қарсы сотқа арыз түсірді. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі Haber Global-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Моральдық өтемақы ретінде талап етілген сома – 500 мың түрік лирасы.

Оған Өзгюр Өзелдің партия съезінде Ердоганға бағыттаған “хунта басшысы” деген қорлайтын сөздері себеп болған. Президенттің адвокаты Хюсейин Айдын бұл іс бойынша Анкара сотына талап арыз, сондай-ақ президентті қорлау бабы бойынша Бас прокуратураға қылмыстық шағым берілгенін айтты.

Сонымен қатар, қамауға алынған бұрынғы Ыстамбұл мэрі, президенттікке үміткер Экрем Имамоғлудың адвокаттары оның босатылуы жөнінде апелляция түсірді. 

Бұл — заңға емес, саяси мақсаттарға құрылған шешім. Судьялар мен прокурорлар бейтараптықтан айырылған, – делінген мәлімдемеде.

 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: