Ердоған Газа секторындағы жағдайға қатысты Түркияның ұстанымын айтты

3 Қараша 2023, 13:56 2465

Түркия президенті Ердоған Газа секторындағы қарулы қақтығысты тоқтау керек екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз бейбіт халыққа қарсы шабуылды ешқашан қолдамаймыз. Біздің негізгі басымдығымыз – гуманитарлық көмек көрсету және қарулы қақтығысты аяқтау. Мұсылман болсын, еврей болсын, христиан болсын – барлығы бейбітшілікте өмір сүруі керек. Халықаралық бейбітшілік Конвенциясын қолдаймыз. Он ұшақ гуманитарлық көмекті осы өңірге жібердік. Егер мүмкіндік болса, тағы да гуманитарлық көмек жібереміз, - деді ол.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ұйым Түркі елдеріндегі бейбітшілікті қамтамасыз етуге үлес қосады деген сенімін жеткізді.

Түркі мемлекеттерінің ұйымы басқа ұйымдарға үлгі болмақ. Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс та әлемге өзінің кері ықпалын тигізіп жатыр. Біз әділеттілік пен бейбітшілікті қолдаймыз, - деді ол.

Президент Түркі мемлекеттерінің Түркияда болған жер сілкінісі кезінде айтарлықтай көмек көрсеткенін атап өтті.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: