Ердоған Путинмен енді кездессе не істейтінін айтты

20 Тамыз 2022, 07:31 1400

Сонымен қатар, Ердоған Түркия Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайтынын айтты.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен Запорожье атом электр станциясы мәселесін талқылауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды EL.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөз жүргізгеннен кейін Львовта журналистерге берген сұхбатында алда кездескен кезде Путинмен Энергодардағы Запорожье атом электр станциясы аумағындағы атқылауға қатысты жағдайды көтеретінін айтты.

Біз бұл мәселені Путинмен талқылаймыз және Ресейден бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін маңызды қадам ретінде не істеу керек екенін нақты сұраймыз, - деді Ердоған.

Сонымен қатар, Ердоған Түркия Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайтынын айтты.
EL.KZ
Бөлісу: