Ерболат Досаев хейтке ұшыраған жігіттен кешірім сұрады

29 Ақпан, 12:53 1191

Ерболат Досаев Алматы тұрғындарымен кездесу кезінде өзіне сыйлық жасаған жігіттен кешірім сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімінің Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуіне Досаевқа картина сыйлаған жігіт келді. Қала басшысы «хейтке» ұшыраған тұрғыннан кешірім сұрады.

Қалың қалай? Менің кесірімнен хейтке ұшырадың, сол үшін кешірім сұраймын. Шын жүректен жасалған сыйлықтар кейде қоғам тарапынан дұрыс қабылданбай жатады. Танымалдылықтың себебі де сол. Бір жағынан, жұмысыма берген оң бағаң үшін алғыс айтамын, екіншіден, саған келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймын. Адамдардың бары сол, - деді Досаев.

Ер азамат үйде отырып сынаудың оңай, ал мәселені шешу әлдеқайда күрделі екенін алға тартты.

Дұрыс айтасыз. Отырып алу пікір жазу бөлек те, бір минут үшін кездесуге дайындалып, ұсыныс жасап, ойыңды ортаға салу бөлек – өте қиын, - деді алматылық.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін алматылық Досаевқа өзі шешкен мәселелер бейнеленген суретін сыйға тартқан болатын.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: