Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі болды

5 Қыркүйек 2023, 11:37 1095

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туған жылы: 1976 жылы Алматы облысында туған.

Білімі: Аль-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, экономика бакалавры және магистрі,

Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты құқықтану бакалавры мамандығымен бітірген.


Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Статистика агенттігі Талдау және конъюнктуралық зерттеулер басқармасының бас маманы болып бастаған. 

1999-2001 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің консультанты. 

2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. 

2003-2006 жылдары – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Қаржы департаментінің директорының м. а., директоры – басқарма мүшесі. 

2006-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жиынтық-талдау департаментінде жұмыс істеді. 

2007 жылғы қаңтар-шілде аралығында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді. 

2007-2009 жылдары — «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.  

2010-2012 жылдары — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығы» РМК директоры.  

2012-2013 жылдары — «ҚБТУ мұнай-газ инжинирингі және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС бас директоры. 

2013-2016 жылдары — «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 

2016-2019 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.  

2019 жылғы қаңтар-сәуір аралығында — ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы. 

2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы наурызға дейін — «ҚазАгро» холдингі» АҚ басқарма төрағасы. 

2021 жылғы наурыздан бастап  — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі орынбасарының м. а.

2021 жылдың сәуір-шілде аралығында ҚР Қаржы вице-министрі.

2021 жылғы шілдеден бастап – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі - министрінің міндеттерін атқарушы.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жарлығымен ҚР ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды.

2022 жылдың 5 қаңтарында Мемлекет басшысының Жарлығымен Үкімет толық құрамда отставкаға кетті.

2022 жылдың 11 қаңтарында Президент Жарлығымен Ауыл шаруашылығы министрі болып қайта тағайындалды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: