Ерасыл Омаров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

19 Шілде 2022, 10:44 2620

Ерасыл жастар арасындағы Азия чемпионатында біздің құраманың қоржынындағы бірінші медальдің авторы болды

Ерасыл Омаров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, – деп хабарлайды El.kzБұл туралы Ауыр атлетика федерациясы мәлімдеді.

Біздің құрама команда Ташкентте жастар мен жасөспірімдер  арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионаттарында өнер көрсете бастады.

Омаров Ерасыл жастар арасындағы Азия чемпионатында біздің құраманың қоржынындағы бірінші медальдің авторы болды. 55 келіге дейінгі салмақта біздің спортшы үшінші болды.

Бірінші жаттығуда Ерасыл барлық үш тәсілді жүзеге асырып, 104 келі салмақта тоқтады. Алайда, «серпе» көтеру кезінде біздің спортшы салмақты тек үшінші әрекеттен жеңді. 228 келі (104+124) – оның нәтижесі.

I орын: К Дуонг (113+143) Вьетнам

II орын: Дуонг Туан (112+136) Вьетнам

ІІІ орын: Ерасыл Омаров (104+124) Қазақстан

45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Александра Беленко өнер көрсетті. Қоссайыс қорытындысы бойынша біздің спортшы 132 (58+74) келі көтеріп, 17 жасқа дейінгі қыздар арасында бесінші және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында алтыншы болды.

Бөлісу: