Ерасыл Қажыбаев Grand Slam турнирінде қола жүлде алды

16 Ақпан, 22:05 531

Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Бакуде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ерасыл Қажыбаев - 100 келіден жоғары салмақта жастар арасында әлем чемпионы. Отандасымыз турнирде  қола медаль үшін болған белдесуде  грузиялық Саба Инанейшвилиден басым түсті. 

Айта кетейік, отандық спортшы үшін Баку - олжалы қаланың бірі. Ол осыдан 2 жыл бұрын Бакудағы Үлкен дулыға турнирінде қола жүлдегер атанған. 

Асқар Таудай
Бөлісу: