Ер адам Жоғарғы сот алдында өзін өртемек болды

22 Шілде 2022, 01:10 2059

Азамат М. ҚР Жоғарғы соты ғимаратының алдында үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеуге оқталған.

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Жоғарғы соты ғимаратының алдында өз-өзін өртемек болған ер адам 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды  El.kz елорда сотының ресми сайтына сілтеме жасап. 

– Биылғы 20 шілдеде азамат М. ҚР Жоғарғы соты ғимаратының алдында үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртеуге оқталған. Оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. М.-нің түсініктемесі бойынша ол Түркістан облысының бірінші сатылы сотында бүгінгі күні қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің ағасы болып табылады, - делінген хабарламада. 

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот аталған азаматты кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алды. 

– Сот жазаны қоғамға теріс әсер ететін және қоғамға құрметтемеушілік білдіруге бағытталған қасақана әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып тағайындады, - деп түсіндіреді соттан. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу: