Ер азаматтарды қорғайтын заң қажет пе? Мәулен Әшімбаев жауап берді

14 Наурыз, 12:30 688

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенат кулуарында елімізге ер азаматтарды қорғайтын заңды қабылдауға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Менің ойымша, ер азаматтарды қорғайтын заңның керегі жоқ. Жалпы азаматтарымызды, әйелдерімізді, ер азаматтарымызды қорғайтын тиісті нормалар бар. Әртүрлі қылмыстық әрекеттерге байланысты жауапкершілікті күшейтіп жатырмыз. Сол себепті біз Сенатта қарап жатқан заңды қабылдағаннан кейін әрі қарай жағдайды қараймыз. Сондықтан, керек болса, тиісті шешім қабылданатын болады, - деп атап өтті Сенат төрағасы.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев аталған мәселе мемлекет басшысының бақылауында екенін айтады.

Қазір заң қабылданғаннан, қоғамдағы үлкен қозғалыстан кейін үлкен өзгерістер болатынына күмәнім жоқ. Жалпы бұл мәселенің барлығын президентіміз өз бақылауында ұстап отыр, тиісті тапсырмалары бар. Заң президентіміздің тапсырмасымен қабылданғалы жатыр. Бұл бағыттарда оң өзгерістер болатынына толықтай сенемін, - деді ол.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: