Ер адам қамауда отырған танысына жаңғақ ішіне есірткі жасырып өткізбек болды

15 Тамыз, 14:21 542

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №68 мекемесінде қамауда отырған азаматқа жақын танысы сәлем-сауқат әкелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мекеме қызметкерлері сәлем-сауқатын тексеру барысында жаңғақ ішінен өзіне тән өткір иісі бар жасыл түсті затты анықтады. Дереу “102” нөміріне хабарланып, мекемеге жедел тергеу тобы шақыртылды.

Анықталған затқа сот химиялық сараптамасы тағайындалып, сараптама қорытындысымен 8,56 грамм келтірілген марихуана екені расталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296 -бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Мекемеге тыйым салынған заттардың өтіп кетпеуінің алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде атқарып жатырмыз. Тергеу мекемесінде әрбір қамауда отырған айыпталушылар мен сотталған азаматтарға әкелінген сәлем-сауқатты арнайы құралдармен тексереміз. Сонымен қатар тыйым салынған заттарды анықтайтын рентген аппараты да жұмыс жасайды. Қызметкерлердің жіті қадағалау барысында тыйым салынған заттар анықталып отыр, – дейді жедел бөлім тобының жедел уәкілі Бекнұр Байдүсен.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: