Ер адам өзінің бір жасар қызын терезеден лақтырып жіберді

5 Қаңтар, 14:16 6320

Қайғылы оқиға Ресейдің Екатеринбург қаласында болды. Бұл туралы Shot telegram-арнасына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алкогольдік ішімдік ішкен ер адам бесінші қабаттан жасына толған қызын лақтырып жіберген.

Бүлдіршін төрт күн бойы қарда жазған.

Оқиға 30 желтоқсан күні болған. Ерлі-зайытының арасында кикілжің туындап, ашуға мінген 30 жастағы ер адам бесінші қабаттан қызын лақтырып жіберген.

Арнаның жазуынша, ата-ана баласы туралы ұмытып кеткен, оның денесі 3 қаңтар күні табылды.

Қыздың әкесі ұсталды. Ол бұған дейін де сотты болғаны анықталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: