ЕО-ның Орталық Азияға арналған стратегиялық мақсаты бұрынғыдан да өзекті — Жозеп Борелл

17 Қараша 2022, 13:31 1961

Бұл туралы Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі айтты

Ақордада өткен баспасөз брифингінде Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл ЕО-ның Орталық Азияға арналған стратегиясының мақсаты қазір бұрынғыдан да өзекті болып отырғанын тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz

Айтуынша бүгінде геосаяси белең алған кезінде жаһандық мәселелерді шешу үшін ЕО-ның Орталық Азияға арналған Стратегиясының мақсаты бұрынғыдан да өзекті екенін жеткізді.

"Министр мырза атап өткендей, жасыл сутектің тұрақты дамуы мен құрылу тізбегін түсіну туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл біздің ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдету үшін жақсы мүмкіндік болады. Инвестициялар мен сауда қатынастары біздің қарым-қатынасымыздың бір бөлігі ретінде нығайтқымыз келетін жалғыз сала емес. Біз кеңейтілген әріптестік шеңберінде дипломатиялық өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайтуға міндеттіміз.

ЕО ұзақ мерзімді перспективада Орталық Азиямен қарым-қатынасты әркез нығайтуға ниетті. Өркендеу мен тұрақтылықты қамтамасыз етуде бірқатар істердің басын ашып, ынтымақстақтың нығайуына жол ашып келеміз. Осы ынтымақтастық негізінде көптеген мәселелер мен түсіністікке қол жеткіздік деп ойлаймын. Еуропалық Одақпен Қазақстан жақсы серіктес болып табылғанына қуаныштымын", — деді Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: