Энергия тапшылығы тек қана АЭС-пен шешіліп қоймайды – депутат

2 Қыркүйек, 13:39 825

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жеткізді. Жолдауда АЭС құрылысына қатысты референдумның 6 қазан күні өтетіні белгілі болды. Осы жағдайға байланысты журналистер кулуарда Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннен АЭС нысанына қатысты пікірін сұрап көрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы қандай да стратегиялық маңызы бар әсіресе қаупі бар нысандар салынған кезде әртүрлі пікірлер болады. Қолдайтындар, қолдамайтындар бар. Әркім өзінің аргументін айтады. Бұл тақырып кеңінен талқыланды, тек қана бұқаралық ақпарат құралдарымен шектеліп қалмай, қоғам ортасында да көтерілді. Сондықтан оң немесе теріс шешімді алдағы референдумда қабылданады, - деді мәжілісмен.

БАҚ өкілі депутатқа энергия тапшылығын нақты АЭС қана шешетініне сіздің көзіңіз жете ме? Себебі сарапшылар әртүрлі балама көздерін ұсынып жатқанын сұрады.

Энергия көзі тек қана АЭС-пен шешіліп қоймайды. Оны басқа да энергия көздерімен де шешуге болады. Біз жалпы энергетика мәселесінде әртараптағы мәселені ұстануымыз керек. Мысалы, көптеген елдер сутегі энергиясына басымдық беріп жатыр. Себебі, ол жерден шығатын радиация жоқ немесе онда басқа да зиянды парниктік газдар, азот тотығы, күкірт тотығы сияқты заттар болмайды. Германияда өзім болдым, олар бүгінде сутегі энергиетикасын дамытуды қолға алып жатыр, - деді мәжілісмен.

Сонымен қатар депутат «Неге Қазақстан АЭС-тің орнына тап осы балама жолды таңдамады?» деген сұраққа жауап берді.

Бізде барлық бағыт бар. Мысалы, көмірге, гидроэнергетикаға, газ энергетикасына қатысты, уранды да өндіру жөнінен әлемде алда тұрмыз. Осылардың барлығын ескерген шығар. Сутегі мәселесіне келетін болсақ, бізге көп су қоры қажет болады. Себебі сутегіні біз судан алуымыз керек. Қазір елімізде су тапшылығы бар екенін жақсы білесіздер. Сондықтан менің ойымша, сутегі энергетикасына қатысты тұжырымдаманы министрлік қарастыру керек, - деді Жаңбыршин.

Миражан Махан
Бөлісу: