Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Алмасадам Сәтқалиев 2021 жылдың наурыз айынан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарып келді.
Ал Энергетика министрі болған Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Ол 2022 жылдың қаңтарынан бастап Энергетика министрі қызметін атқарды.