Қазақстанда Ұлттық қор қаражатын пайдалану шектелмек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов айтты.
Ұлттық қордың қаражаты тек ірі инфрақұрылымдық объектілерді салу үшін сұралады. Сонымен қатар біз мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттырып, бюджет тәртібін нығайтамыз, - деді Бектенов.
Үкімет басшысының сөзінше, субсидиялау шығындары барлық салада тоқтаусыз өсіп бара жатыр. Олардың нақты әсері есепке алынбайды әрі мемлекеттік органдардың тарапынан бақылау да әлсіз. Сондай-ақ, субсидия алу кейбір компаниялардың бизнес моделінің бір бөлігіне айналды деді премьер-министр.