«Енді татып алмаймын»: Мас күйінде ұсталған жүргізуші 15 тәулікке қамалды

15 Қыркүйек 2023, 20:10 1252

Алкогольдік ішімдік ішіп, көлік жүргізуді ұнататын азамат Үшарал-Достық тас жолында ұсталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Nissan Cefiro көлігін 39 жастағы ер адам басқарған және оның масаң күйде болғаны медициналық сараптама қорытындысымен расталды.

Сот қаулысымен шетелдік автокөлік жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Соттың осындай шешіміне таң қалған қылмыскер алкогольді ішімдік ішуден мүлдем бас тартуға шешім қабылдап, барлық автокөлік жүргізушілерін үлгі алуға шақырған ашық бейне хабарлама жазды, - делінген Ішкі істер ведомствосының телеграм-арнасында жарияланған ақпаратта.

Перизат Саденова
Бөлісу: