Енді таксиге алыс қашықтыққа қатынауға тыйым салынады: inDrive пікір білдірді

31 Шілде, 15:36 498

Көлік министрлігі интернет-платформа жүргізушілеріне, нақтырақ айтқанда, inDrive-қа 50 шақырымнан артық қашықтыққа қатынауға тыйым салатыны туралы мәселені қарастырып жатқанын хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы inDrive баспасөз қызметі былай деп пікір білдірді:

inDrive сервисі Қазақстан нарығында 10 жылдан аса жұмыс істеп келеді. Осынша уақытта біз реттеуші органдардың талаптарын қатаң сақтап келеміз. Қазіргі күні inDrive сапарлас жолаушыларды іздеудің ең кең тараған онлайн-қосымшасы болып отыр. Мұндай сапардың басты артықшылығы – жүргізуші жолаушыны оған ыңғайлы кез келген уақытта, өзара келіскен жолақыға кез келген қалаға жеткізеді. Қалааралық сапарлардың арақашықтығына шектеу қою көптеген жүргізушілер мен жолаушыларға әсер етеді, бұл мәселені нарықтың барлық қатысушылары Көлік министрлігімен бірлесе отырып шешу керек деп есептейміз.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: