Еуропаға ұшатын жаңа әуе рейсі іске қосылмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінің мәліметінше, Шымкенттен Будапештке ұшатын әуе рейсі ашылады.
Биылғы 27 мамырдан бастап SCAT қазақстандық әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер Boeing 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына екі рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады, - делінген мәліметте.
Ведомство әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп сенеді.