"Енді қыдырамын". Ұлын қырқынан шығарған Ерке Есмахан алдағы жоспарын айтты

4 Қаңтар, 10:12 2170

Танымал әнші Ерке Есмахан ұлын «қырқынан шығарды», деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл рәсімге тек жақын туыстары ғана қытысыпты. Өнер иесі өзінің әлеуметтік парақшасына жүктеген суреттің астына қырық күндік міндетінен құтылғанын жазды.

Исламды қырқынан шығардық. Өзіміз үйде тып-тыныш қана тойлаттық. Әкесі артынан барлық қуанышымызды бөлісіп, бір той жасаймын деп отыр. Бәрінен бұрын 40 күндік міндетімнен құтылдым. Енді қыдырамын, – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, жұлдызды жұп жақында сәбилі болған еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: