Енді мемлекеттік наградалар орынсыз таратылмайды

Бүгiн, 16:20 169

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай барысында мемлекеттік наградалар мәселесіне де тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы орынсыз таратылып жатқан марапатқа тоқтау салынуы керектігін алға тартты.

Біз соңғы жылдары мемлекеттік наградалар мәселесін қайта қарап, бір жүйеге түсірдік. Енді ведомстволық (мекемелік) марапаттарды ретке келтіру қажет. Мемлекеттік органдар бұл жұмысты назардан тыс қалдырды. Нақты ереже жоқ, бәріне ортақ мәліметтер қоры да жоқ. Соның кесірінен кейбір марапаттар орынсыз таратылып жатыр. Тіпті, бір мемлекеттік органның төсбелгісін бір адам бірнеше рет алған жайттар да кездеседі, - деді ол.

Президент мекемелік марапаттардың бірыңғай стандартын және тізімін жасауды тапсырды.

Ведомстволық награда – нағыз білікті мамандарға ғана берілетін, сол арқылы кәсіби мәртебені көтеретін маңызды награда. Бұған бейжай қарауға болмайды. Сондықтан мекемелік марапаттардың бірыңғай стандартын және тізімін жасау қажет. Әрине, әр мекеменің өз ерекшелігін ескерген жөн. Бірақ бәріне ортақ ұстаным болуы керек. Құзырлы органдарға осы шаруаны қолға алуды тапсырамын, - деп қосты Тоқаев.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: