Енді медбикелер де науқастарды қабылдап, диагноз қоятын болады

21 Мамыр, 15:48 788

Қазақстанда енді медбикелер де науқастарды қабылдап, диагноз қоя алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бұл жаңашылдық дәрігерлердің жүктемесін азайтып, емделушілердің уақытын үнемдеуге сеп болады деп отыр. Бұл шешім медициналық көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік бермек.

Емханаларда дәрігерлер мен мейіргерлердің міндетін қайта бөлу нәтижесінде орта медициналық қызметкерлерге науқастарды өз бетінше қабылдау құқығы беріледі. Яғни, мейірбикелер кейбір тексерулерді өздері жүргізіп, жолдама жазады. Ол үшін орта медициналық қызметкерлер арнайы бағдарлама бойынша білім алады.

Оқу мерзімі қанша уақытқа жалғасатыны әзірге белгісіз. Ал тұрғындардың бұған қатысты пікірі екіталай. Бірі дәрігерлер жетіспеушілік мәселесін шешеді десе, енді бірі бұған қарсы.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: