Енді көлік туралы ақпаратты eGov арқылы тексеруге болады

Бүгiн, 18:06 154

eGov Mobile қолданушылары енді өз автокөліктері туралы ақпаратты ЦОН бөлімшелеріне бармай-ақ тексере алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа қызмет арқылы Қазақстанда автокөліктің тіркелген күнін, кепіл немесе шектеулердің бар-жоғын, сондай-ақ бұрынғы иелерінің санын білуге болады.

Енді eGov Mobile мобильді қосымшасының пайдаланушылары көлік құралының иелену тарихы туралы ақпаратты смартфондарынан бірнеше қадам арқылы тікелей ала алады. Бұл ақпарат алу процесін айтарлықтай жылдамдатып, автокөлік сатып алу кезінде тәуекелдерді азайтуға көмектеседі, - деп жазылған хабарламада.

Сервис көлік құралының Қазақстан аумағында алғашқы тіркелген күні, кепіл немесе ауыртпалықтың болуы, сондай-ақ алдыңғы иелерінің жалпы саны сияқты көлік құралы туралы толық ақпаратты тексеруге мүмкіндік береді.

Бұл ретте алдыңғы иелердің жеке деректері құпия болып қалады.

Қызметті пайдалану үшін қосымшада автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен техникалық паспорт нөмірін енгізу жеткілікті. Осыдан кейін пайдаланушыға көліктің толық мәліметі, соның ішінде маркасы, шығарылған жылы, қозғалтқышының көлемі, шанақтың түсі және қосымша жабдықтардың бар-жоғы туралы ақпаратұсынылады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: