Енді әйелдер шлемсіз бокстасады

5 Наурыз, 14:05 986

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) әйелдер арасындағы жарыстарда қорғаныс шлемін киюге тыйым салды. Бұл туралы ұйымның сайтында хабарланды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Шешім Сочиде өткен директорлар кеңесінің отырысында қабылданды. IBA әзірге үш өту кезеңін қарастырған. Шлемге тыйым салу маусымнан соң күшіне енеді. Негізі бұл талап бір жыл бұрын талқыланып бастаған.

IBA ұйымның уақытша мүшесі ретінде Бразилия бокс конфедерациясын қатарға қосты.

Сонымен қатар Белград 2025 жылы әйелдер арсында бокстан әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: