Енді авторлық құқықты бұзғандар қатаң жазаланады

29 Қыркүйек 2023, 13:13 1523

Соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде авторлық құқыққа қатысты дау-дамайлар көбейіп кетті. Көпшілік заңға жүгінген күннің өзінде заң солқылдақ екенін айтады. Осы ретте бүгін Әділет министрі Азамат Есқараев авторлық құқықтың енді қатаң сақталатынын айтты.

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау Қазақстан зияткерлік меншік саласын дамытуға баса назар аударуда. Осы мақсатта патенттерді, тауар белгілерін және өнеркәсіптік үлгілерді тіркеудің ұлттық жүйесін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Біз сондай-ақ қызметтерді цифрландыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және авторлар мен пайдаланушыларды оқыту бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - деді ол.

Айта кетейік, 2023 жылғы 30 мамырда Мемлекет басшысы «Ақпараттық және телекоммуникациялық желілердегі авторлық және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды қорғау және қорғау жөніндегі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды. Келісім цифрлық ортада зияткерлік құқықтарды қорғау және қамтамасыз ету саласында, оның ішінде осы саладағы ұлттық заңнаманы үйлестіру арқылы туындайтын мәселелерді шешудің бірыңғай тәсілдерін белгілейді.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: