Еңбекмині қосылған құн салығына өтемақы енгізу туралы ақпаратты жоққа шығарды

1 Ақпан, 23:06 697

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қосылған құн салығы үшін өтемақы енгізілгені туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мессенджерлерде Еңбекмині ҚҚС үшін өтемақы төлемін енгізгені туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылуда. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз азаматтар сілтемеге өтуді ұсынады. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз, - делінген мәліметте.

Ведомство өкілдері мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатынын еске салды.

Перизат Саденова
Бөлісу: