Еңбекке қабілетті әйелдердің саны анықталды

29 Сәуір 2023, 15:02 1494

Қазақстанда еңбекке қабілетті жастағы қанша әйел бар екені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айутынша, олардың саны 4,5 миллион. Оның 75 пайызы экономиканың түрлі салаларында еңбек етеді.

Жұмыссыз әйелдердің санаттарын айқындауда отбасының цифрлық картасы бағдар болады деп отыр.

ОЦК деректері бойынша жұмысқа орналастырылған әйелдердің 49 пайызы (79,1 мың) – жастар. Сондай-ақ көп балалы (18,5 мың), мүгедектігі бар (3,7 мың) адамдар және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған (3,1 мың) әйелдер жұмысқа орналастырылған, - дейді министр.

Министр талдау көрсеткендей, жұмыспен қамтылған әйелдердің 51,3%-ы белсенді жұмыс іздеуде болған, жұмыс істейтін әйелдердің 98%-дан астамы кәсіпкерлік қызметті бастаған деп айтты.

Жұмысқа орналасу фактілері міндетті зейнетақы жарналарымен расталады. Мәселен, жұмысқа орналастырылған әйелдердің 84%-дан астамы бойынша осылай расталған.

«Қолданыстағы жұмыспен қамту тетіктерінің арқасында 114 мың отбасында еңбек табысы пайда болды, ал 47 мың отбасында жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің санының артуына байланысты табысы өскен.

EL.KZ
Бөлісу: