Еңбек нарығындағы гендерлік теңдік

1 Қараша 2022, 17:47 3332

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді

2021 жылы 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 9,3 млн адамды немесе халықтың жалпы санының 69,3% құрады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 100 мыңға кем болған (2020 жылы – 9,2 млн. адам). Экономиканың түрлі салаларында 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 4,2 млн адам немесе 48,3% – әйелдер (2020 жылы – 48,2%).

Жұмыспен қамтылған халық құрылымының басым бөлігін жалдамалы жұмыскерлер құрайды – 6,7 млн адам немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,2%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 2,1 млн адам немесе 23,8%. Бұл ретте, егер жалдамалы жұмыскерлер санында гендерлік теңдік байқалса (50,9% – ерлер, 49,1% – әйелдер), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасында әйелдермен 45,6% салыстырғанда ерлердің үлесі сәл жоғары – 54,4%.

Экономиканың әртүрлі салаларындағы ерлер мен әйелдердің бөлінісін қарастырсақ,  жалдамалы жұмыс істейтін ер адамдардың едәуір үлесі дәстүрлі «ерлер» салалары: құрылыс (77,2%), өнеркәсіп (68,9%), ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (57,8%), көлік және қойма (77,4%) салаларында жұмыспен қамтылғанын атап өткен жөн.

Әйелдер ауыл шаруашылығы секторында (42,2%), өнеркәсіпте (31,1%) және құрылыста (22,8%) азырақ, бірақ сауда (57,1%), орналастыру және тамақтану қызметтерін ұсыну (65,4%), білім беру (72,9%), денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету сияқты экономикалық қызмет салаларында басым (73%).

Жыныс-жас құрылымын талдау жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесін 25 пен 54 жас аралығындағы адамдар алатынын көрсетті – 76,5%, бұл ретте ерлер мен әйелдердің арақатынасы шамамен бірдей (51,3% – ерлер және 48,7% – әйелдер). Жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 11,5%-ы жастарға (15-24 жас) тиесілі және олардың арасында қыздарға (47,0%) қарағанда жігіттер көбірек (53,0%) байқалады. Зейнеталды жасындағы адамдар (55-64 жас) жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 11,2%-ын құрайды, бұл ретте осы жас тобындағы әйелдердің үлесі – 49,1%. Жұмыспен қамтылғандар санында жұмыс істейтін зейнеткерлердің (64 жас +) үлесі аз – 0,8%, оның ішінде 53,1% – әйелдер.

7,4 млн адамның немесе жұмыспен қамтылған халықтың 83,5%-ында жоғары және орта кәсіптік (арнайы) білімі бар. Әйелдер неғұрлым білікті жұмыс күші болып табылады, 41,4% әйелдің білім деңгейі жоғары.

 

EL.KZ
Бөлісу: