Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Құрбай айттың алғашқы күні не себепті 17 маусымнан 16 маусымға ауыстырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мен қазақстандықтардың жағдайын жақсы түсінемін. Жыл соңында біз мереке күндерін анықтау үшін (осыған қатысы бар – ред.) барлық мемлекеттік органнан (тиісті ақпаратты – ред.) сұратамыз. Оның ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да бар. Олар бізге Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымда болатыны туралы ақпаратты ресми түрде ұсынды. Осыған сәйкес күнтізбе жасалды, - деді министр.
Светлана Жақыпова ҚМДБ хатында күнтізбеге байланысты бұл күн ауысуы мүмкін екені жазылғанын атап өтті.
Сондықтан біз Құрбан айт басталғанға дейін, яғни 2 апта бұрын ресми хат алдық. Онда (Құрбан айттың – ред.) бірінші күні 16 маусым деп жазылды. Заңға сәйкес, бұл күн демалыс күніне сәйкес келді, - деді ол.