Емханаларда балалар гинекологы кабинеті ұйымдастырылады

18 Қараша 2022, 03:20 1746

Мұндай кабинеттер жасөспірімдерге сапалы көмектің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қажет

Еліміздің еемханаларында балалар гинекологтарының мамандандырылған кабинеттері ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Ұлт денсаулығы қыздар мен жасөспірімдердің репродуктивті әлеуетіне байланысты екені белгілі.
Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде балалар гинекологиясы қызметін ұйымдастыруды жетілдіру және қыздар мен жасөспірімдерде гинекологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу тиімділігін арттыруға бағытталған медициналық көмекті жақсарту бойынша шаралар қабылдауда. Келесі жылы ҚР-да балалар гинекологиясы қызметін үйлестіру үшін министрліктің бас балалар гинекологы тағайындалып, өңірлерде бас балалар гинекологтары анықталды.
Сонымен қатар ведомство University medical center корпоративтік қорының базасында ҚР балалар гинекологиясы қызметін үйлестіру және консультативтік-әдістемелік қызметті жүзеге асыру үшін «Жасөспірім қыздар мен қыздарға гинекологиялық көмек көрсету жөніндегі республикалық үйлестіру орталығын» құрды.
Министрліктің бастамасымен  «ҚР-да қыздар мен жасөспірімдерге гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіп, оған еліміздің 18 өңірінен келген бас балалар гинекологтары қатысты.
Өңірлердің бас балалар гинекологтары қыздар мен жасөспірімдерге гинекологиялық көмекті жетілдірудің оңтайлы шешімін іздеумен айналысып, балалар гинекологиясы бойынша диагностика мен емдеудің жаңа клиникалық хаттамаларын әзірлеуге бастамашы болды.
Бүгінгі таңда өңірлерде қыздар мен жасөспірімдерге гинекологиялық көмек көрсететін амбулаториялық қызметке арналған ұйымдастыру-әдістемелік орталық ретінде медициналық ұйымдар анықталды.
Қыздарға, жасөспірімдерге сапалы көмектің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін емханаларда балалар гинекологтарының мамандандырылған кабинеттері ұйымдастырылады.
Өңірлердегі балалар гинекологтарының кабинеттерін қажетті құрал-жабдықтармен және шығын материалдарымен қамтамасыз ету шаралары қолға алынды.

EL.KZ
Бөлісу: