Емханадағы кезек қашан азаяды? Министр жауап берді

8 Ақпан, 13:17 897

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова емханада халықтың дәрігердің қабылдауына кіруі үшін айлап кезек күтуіне байланысты қандай өзгеріс енгізетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр талдау жүргізіп, жақын уақыттар нақты іске көшетінін жеткізді. 

Оқи отырыңыз:

Біз талдау жүргізетін боламыз. Жақын арада пациенттер тарапынан шағымдардың азаюына белгілі бір ықпал ететін шараларды қабылдаймыз. Бүгінде жергілікті атқарушы органдар талдау жүргізіп, өздерінің ұсынымдарын беру туралы тиісті тапсырмалар алды. Мүмкіндігімізге қарай аса қысқа мерзімде аталған жұмысты жүргіземіз, - деді министр.

Ақмарал Әлназарованың сөзінше, елдегі денсаулық сақтау жүйесі дұрыс жолға қойылған.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: