Елшілік қазақстандықтарға Украина аумағынан кетуді ұсынды

5 Қыркүйек, 21:04 425

Шиеленістің күшеюіне байланысты және қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елшілік Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын пайдалана алатынын алға тартты. Олар: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі – коммерциялық әуе қатынасы арқылы.

Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес. Сонымен бірге Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елемеуге және дереу паналауға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады.

Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38 (044) 4831596, +38(044) 4891031.

Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі (төтенше жағдайда): +380673470408.

Перизат Саденова
Бөлісу: