Елорданың медициналық ұйымдары мереке күндері қалай жұмыс істейді?

21 Наурыз, 06:27 627

Мереке күндері елордалық емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, елордалық стационарлар өз белсенділігін төмендетпей, қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайды. Резервтік бейінді палаталарды бөлу арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында кезекші дәрігерлер сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Фильтр-кабинеттер 8:00-ден 20:00-ге дейін, ал активтер мен қоңырауларды қабылдау 8:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді, - делінген мәліметте. 

103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Өтініштер мен қоңырауларды қабылдау 24/7 жүзеге асырылады.

Зарина Арман
Бөлісу: