Елорданың ҚХА мен Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты өзара ынтымақтастық туралы келісті

11 Маусым 2019, 11:55 4486

Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде елорда Ассамблеясының қолдауымен, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының іске асырылуы контекстінде «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасының» таныстырылымын өткізді.

Тұсаукесерде Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында География институтымен және ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтымен бірлесіп дайындалған Интерактивті ғылыми тарихи карта таныстырылады.

Карта Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында берген тапсырмасы бойынша дайындалды.

Картаның мақсаты – қазақ ұлтының ерекше мемлекетті ұйыстырушы миссиясымен ежелгі қазақ жеріндегі барлық ұлттардың ұйысу үдерісін толық, дәл көрсету.

Ғылыми карта үш тілде орындалған және ежелден бүгінгі күнге дейін Қазақстанның полиэтностық халқының қалыптасуы туралы ауқымды материалдан тұрады, Қазақ халқымен бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан 50-ден аса этностық топ өкілдері туралы, архивтік және статистикалық мәліметтер негізіндегі елорда тарихы туралы құнды ақпарат үсынылған.

Картаны ғаламтор желісінен әрдайым жаңа ақпаратпен толықтырылып тұратын www.map.assembly.kz сайты арқылы еркін көруге болады.

Сонымен қатар өткен жылы Институттың «Жас ғалымдар кеңесі» http://edu.e-history.kz электронды ғылыми журналын іске қосты. Журнал түрлі елдердің тарих мәселелерімен айналысатын жас мамандары мен ғылыми қызметшілерге арналған.

Картаның таныстырылымы барысында елорда Ассамблеясы мен Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, алдағы уақытта бірлесе қызмет атқаруға ниет білдірді.

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының атынан алғыс білдірген ғылыми хатшы, PhD докторы Мәлика Қозыбаева Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Н. Айдашевке үш тілде жазылған «Қазақстан тарихы» кітаптарын табыс етті.

Бөлісу: