Елорданың ең биік ғимараттары

6 Шілде 2022, 10:52 5309

Астана күніне арналған фоторепортаж ұсынамыз

Бәйтерек монументі – Нұр-Сұлтан қаласының негізгі нышаны. Оның визитті карточкасы деуге болады. Жалпы, бәйтерек - ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім Бәйтеректің биіктігі 97 метр.


MEGA SilkWay – ойын-сауық және сауда орталығының жалпы аумағы - 140 мың шаршы метр. Атриумдардың биіктігі 25 метр. Ғимарат үш қабаттан тұрады: екіқабаты жер үстінде орналасқан және біреуі жер астында. Сауда орталығына 9 жерден кіруге болады. Оның екеуі жер астында. Автомобильдерді тұраққа қою үшін 2100 орындайындалған. Оның 400-і жерастындағытұрақта. Сауда және ойын-сауық орталығына шамамен бір айда 1 миллион адам келеді.



Нұр-Сұлтанда бой көтерген ең үлкен мешіт. Елімізде және Орта Азиядағы ең үлкен мешіт болып саналады. Сыйымдылығы 30 мың адамға дейін. Әзірге құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.


«Хан Шатыр» – елордада орналасқан сауда және ойын-сауық кешені. 2010 жылы пайдалануға берілді. «Хан Шатыр» СОО ғимаратында сауда бутиктері, кафе, мейрамханалар, балалар ойын-сауық орталығы, дара рельсті жол, кинотеатр, сондай-ақ, бірегей тропиктік жағажай орналасқан. Кешеннің шатыры – әлемдегі ең үлкен шатыр болып табылады. Құрылыстың жобасын архитектор Норман Фостер жасаған. Биіктігі – 150 метр.


«Ailand» шолу дөңгелегі. «Колесо обозрения»  биіктігі 65 метр және салмағы 270 тонна. Паромдықдоңғалаққаланыңпанорамалықкөрінісі бар 36 жабық кабиналармен жабдықталған. Әр кабинада ауабаптау және жылыту жүйелері бар.


«Солтүстік шұғыла» кешені – 34, 39, 44 қабаттан құралған тұрғын үйлерден тұрады. 2008 жылы пайдалануға берілген. Жалпы ауданы – 130 мың шаршы метр. Пәтерлер саны – 165. «Хай-тек» стилінде тұрғызылған кешенінің биіктігі 180 метрге жетеді. Тұрғын үй қаланың сол жағалауында сулы-жасыл бульварда орналасқан.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ бас кеңсесінің ғимаратында барлық жүк және жолаушы тасымалдау процесіне диспетчерлік басшылық орналасқан. Биіктігі – 175 метр. 37 және 40 қабаттан тұратын екіғимарат бар. 2010 жылы пайдалануға берілген.

 «Астана салтанаты» тұрғын үй кешені. Биіктігі – 142 метр. 2006 жылы салынған кешен 39 қабаттан тұрады. Жалпы аумағы – 113 000 шаршы метрді құрайды.


Фото: Ғазиз Шакиров

Бақытнұр Бейсенбай
Бөлісу: