Астанада қатты жел мен бұрқасын жалғасуда. Қалалық ТЖД жүргізушілерден қозғалыс кезінде өте сақ болуды сұрайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 8 қарашада түнде қарлы боран күтілетінін хабарлайды. Түнде оңтүстік-батыс желдің екпіні 15-20 м/с болады, - деп ескертті құтқарушылар.
Ведомство жүргізушілерге жолда өте мұқият болуды сұрады.
Астана ТЖД азаматтарға қатты жел кезінде жарақат алмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
- балаларды ерекше бақылауға алыңыз, оларды қараусыз қалдырмау маңызды;
- егер сіз қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісте немесе дүкенді паналаңыз;
- үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
- қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;
- қатты желде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
- жеке көлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.
Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.