Елордалық оқушылары қатерлі ісік жасушаларын жоятын экстракт ойлап тапты

30 Наурыз, 00:36 988

Астанада №73 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушылары Әлішер мен Мадияр Әкімжановтар мия тамырынан патогенді микроағзаларға қарсы экстракт ойлап тапты. Оның қатерлі ісікке қарсы тұратын қасиеті бар деп болжап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Барлық жұмыстардан кейін микробқа және саңырауқұлаққа қарсы сынақ жасалды. Нәтижесінде czapek культурасында өсірілгеннен кейін зерттеу барысында S.Aureus, E.coli, C.Albicans және A.fimagatus микроағзаларын толықтай жойды. Бұл дегеніміз экстрактының құрамында токсикалық заттар бар дегенді білдіреді. Олар патогенді организмдерді толықтай жойды, - дейді жас ғалымдар.

Әлішер мен Мадияр зерттеу жұмыстарымен жүйелі түрде айналысып келеді.

Егіздер барлық пәнді қызыға оқиды. Әсіресе екеуінің де биология пәніне деген қызығушылығы өте жоғары. Биология, химия пәндері бойынша аудандық, қалалық олимпиадалардың жүлдегерлері. Олар биология, химия ғылымына қызығушылығы бар балаларға арнап мектепте «Science club», қала көлемінде «Discovery Alliance» клубтарын ашып өз білімдерімен бөлісуде, - дейді Әлішер мен Мадиярдың сынып жетекшісі және биология пәнінің мұғалімі Сәуле Әміржанова.

Жас зерттеушілер Education USA-дан АҚШ университеттеріне толық қолдау бойынша грант жеңіп алды. Оқушылар 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап онлайн оқып жатыр. Бұл курс 1 жылға созылады.

Менің биология пәніне қызығушылығым 7 сыныпта пайда болды. Онлайн сабақ кезінде биология пәнін тыңдаған маған қатты ұнайтын еді. Осылайша мектептен осы пәннен мықты білім ала бастадым. Тағыда басқа «NextBio» лабораториясына биотехнология бағыты бойынша қосымшаға түскенде қызығушылығым одан сайын арта бастады. Биология бойынша зерттеу жұмыстарын орындап жатқан себебім бұл пәнді жоғары деңгейде меңгергім келеді. Биологияны жастар арасында қызықтыру үшін әртүрлі клубтар және тегін курстар өткізе бастадым. Оның пайдасы өте зор. Себебі биологиядан курстар жүргізген кезде өзім де көп ізденемін, дамимын. Алдағы уақытта биология ғылымын әлемдік деңгейде меңгергім келеді. Қазір Америка Құрама Штаттарына оқуға түсу үшін дайындалып жатырмын, - дейді Әлішер Әкімжанов.

Перизат Саденова
Бөлісу: