Елордалық оқушы Кәрім Дүйсеков дүниежүзілік олимпиаданың ең кішкентай қатысушысы болып, Natural Science санатында өзгелерінен үздік атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 4-8 сынып оқушылары қатысты. Олар өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсете отырып, ғылыми тапсырмаларды шешуде жарысты. Қазақстаннан барған талантты оқушы Кәрім Дүйсекова үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді.
Бұл жеңіс Қазақстан үшін маңызды жетістік. Сонымен қатар педагогтардың табандылығы мен қолдауы арқасында халықаралық жетістікке жетуге болатынын жарқын үлгісін көрсетті.