Елордалық еріктілер су тасқынанан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетуде

5 Сәуір, 17:16 909

Астаналық еріктілер су тасқынанан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

29 наурыз бен 5 сәуір аралығында Астана қаласы бойынша 400 тонна тұрмысқа қажетті құралдар мен азық-түлік жиналып, су тасқынан зардап шеккен Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына жіберілді. Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің маманы Айзат Әлидің айтуынша, жинау пункттерінде волонтерлер де, тұрғындарда білек сыбана жұмыс істеп жатыр.

Сәт сайын жинау пункттеріне жаңа, жылы және сапалы киімдер, өнімдер, гигиеналық құралдар, етік, күрек, сөмкелер картоп, төсек және тағы да басқа қажетті құралдар әкелініп жатыр.  Еріктілер келген заттарды іріктеп, сұрыптап, жіберуге дайындап қояды. Қиын жағдайға түскен халыққа көмектесуге құлшынысын білдіріп жатқан қала тұрғындары көп. Мысалы, Қостанай облысының жүргізушілерінің өз күшімен 14 газель жиналып, зардап шеккен аймақтарға жөнелтілді.Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Су тасқынан зардап шеккен аймақтарға көмек қолын созуды жалғастыра береміз, - деді Айзат Әли.

Айта кету керек, қазір Астана қаласы бойынша 9 қойма мен жинау пункті мен 300-ден астам волонтер жұмыс істеп жатыр.

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

 

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Фото: Артем Чурсинов

Равиль Ашығали
Бөлісу: