Елордалық бухгалтер казинода 400 млн теңге ұтылып қалған

13 Ақпан, 18:09 731

Соттың үкімімен Астана тұрғыны құмар ойындарға ақша жұмсау үшін алаяқтық жолға түсіп, нәтижесінде 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, кінәлі әйел ЖШС-ның бухгалтері бола отырып, мекеме иелеріне шетелге тиімді инвестициялар салу туралы жалған айтып, оларды алдау арқылы 385,9 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.

Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған. Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді, - делінген мәліметте.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: